Әлімханұлы кейінгі айқасында көзі қалай көгергенін көрсетті

©tengrinews.kz

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) өткізген жекпе-жегінен кейін бетін көрсетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Көк туды желбіретем деп көгерген көзбен де бір естелік суретке түсіп қояйын. Ара-арасында осылай әзілдеп тұрмасақ, қырам-жоям деп жұрттың бәрін шошытып біттік. Жеңістеріңіз құтты болсын, белбеу көбейсін. Тарих жалғассын!", - деп жазды Әлімханұлы.

"Әлімханұлы көңілді қалдырды". Жәнібек ортаңқол боксшыны әзер жеңгені айтылды

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегастағы бокс кешінде Дензел Бентлиді ұпай санымен жеңіп, белбеуін қорғап қалған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар