Әлімханұлы келесі қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

©

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты ойын білдірді. Бұған дейін Жәнібек канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) айқасатынын ресми құлақтандырған болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 раундтық жекпе-жек 13 мамыр "Стоктон-Аренада" (Калифорния, АҚШ) өтеді.

"Орта салмақтағы боксшылардың бәрі менен шошып отыр, сондықтан Стивен Батлерге менімен жекпе-жекке келіскені үшін құрметімді білдіремін. Дивизиондағы барлық титулдарды біріктіргім келеді, бірақ Батлерден айналып өте алмаймын. Ол мықты қарсылас, сол себепті Стоктондағы жанкүйерлер мен ESPN-ді тамашалайтындарға керемет шоу сыйлаймыз деп ойлаймын". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport