Бокс
5 тамыз 09:56

Әлімханұлы келесі жекпе-жегінің уақытын белгіледі

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) келесі жекпе-жегін 2025 жылдың қараша айында өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол әлі де Доминикан Республикасынан шыққан WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен титул біріктіретін титулдық жекпе-жекке үміттеніп отыр.

"Мен АҚШ-қа ұшып бара жатырмын. Қараша айына дайын боламын! Адаместің бірнеше мүмкіндігі қалды. Егер ол келіспесе, мен өз белбеулерімді басқа қарсыластарға қарсы қорғаймын! Сондықтан оған және оның менеджерлеріне айтарым – сіздерде уақыт аз қалды!" – деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Қазақстандық боксшы кейінгі айқасын 5 сәуір Астанада өткізіп, бесінші раундта франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport