Бокс
30 қыркүйек 2022 10:47

Әлімханұлы Қазақстанда жекпе-жек өткізбек. Чемпионның командасы мәлімдеме жасады

©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Қазақстанда бірнеше жекпе-жек өткізбек. Бұл туралы боксшының командасы әлеуметтік желіде хабарлап отыр. 

Мұның алдында Жәнібек қарашада чемпиондығын алғаш рет қорғайтыны белгілі болды. Әлімханұлының қарсыласы британиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) болады. 

"Қадірменді жанкүйерлер! Жекпе-жек уақыты мен қарсылас ресми түрде келесі аптаның басында жарияланады! Дайындық қызып жатыр. Біз енді бастадық. Құдай қаласа алдағы 10 жылдықта барлығыңызды жексенбі күні таңғы 7-де оятамыз! Нәсіп болса елде де бірнеше бокс кешін ұйымдастырып, өнер көрсетеміз! Біз жанкүйермен мықтымыз! Тарихи күндерде жолығайық!" - делінген жазбада. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport