Әлімханұлы қай чемпионмен айқасқысы келетінін атады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF  титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы абсолют чемпион атанғысы келтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Германиялық Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген Жәнібек WBC титулына ие америкалық Джермалл Чарло мен WBA белбеуіне ие кубалық Эрисланди Лараның бірімен шыққысы келеді. 

"Менімен кім айқасуға келіседі екен - Лара немесе Чарло? Әлде екеуі де жекпе-жекке шықпау үшін сылтау айта ма? Чемпион чемпионмен жұдырықтасу керек! Дивизиондағы барлық төрт белбеуді жинағым келеді!", - деп жазыпты Әлімханұлы әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport