Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы абсолют чемпион атанғысы келтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Германиялық Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген Жәнібек WBC титулына ие америкалық Джермалл Чарло мен WBA белбеуіне ие кубалық Эрисланди Лараның бірімен шыққысы келеді.
"Менімен кім айқасуға келіседі екен - Лара немесе Чарло? Әлде екеуі де жекпе-жекке шықпау үшін сылтау айта ма? Чемпион чемпионмен жұдырықтасу керек! Дивизиондағы барлық төрт белбеуді жинағым келеді!", - деп жазыпты Әлімханұлы әлеуметтік желіде.