Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионға көтеріліп, мексикалық Сауль Канело Альвареске (58-2-2, 39 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақ боксшы 2023 жылы үлкен айқастар өткізе алмаса, осындай қадамға баратынын твиттер желісінде жазды.
"Биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысамын. Ал егер маған ондай мүмкіндік бермесе, 2024 жылы 168 фунтта Канелоға міндетті қарсылас боламын. Мұның мүмкін екенін бәрі біледі. Иншалла келесі жылы екі салмақта чемпион атанамын!" - деп жазапты Жәнібек.