Бокс
3 наурыз 2020 11:53

Әлімханұлы "Канело" промоутерлерінің 13 нокауты бар боксшысына қарсы жекпе-жекке дайындығын көрсетті

© Top Rank
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Жаттығулардың бірінде Әлімханұлы екінші орта салмақта WBC Continental Americas және NABA титулдарына бұрынғы үміткер америкалық Рональд Эллиспен (17-1-2, 11 КО) спарринг өткізді. Видеоны қазақстандықтың бапкері Джеймс "Бадди" МакГирт Instagram желісінде жариялады. 



Орта дивизионда WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 28 наурыз Квебекте өткізеді. Бұл бокс кешінің басты кезедсуінде жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) қытайлық Мэн Фаньлунмен (16-0, 10 КО) жұдырықтасады.

Қазақстандық боксшының қарсыласы жеңілмеген амеркиалық Димитриус Баллард (20-0-1, 13 КО) болады. Желтоқсанда ол АҚШ-тың Коста-Меса қаласында орта дивизионда бос болған NABF тұжырымы бойынша Солтүстік Амеркиа чемпионы титулы үшін бразилиялық Ямагучи Фалькаомен (16-1-1, 7 KO) он раундты жекпе-жекте тең түсті. Осылайша, белбеу сол күйде иесіз қалды.