Бокс
Бүгін 11:07
 

Әлімханұлы Канело қарсыластарының қысқа тізіміне кірді

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы Канело қарсыластарының қысқа тізіміне кірді ©Top Rank

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің (64-3-2, 39 KO) бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо шәкіртінің 2027 жылы екі немесе үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің (64-3-2, 39 KO) бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо шәкіртінің 2027 жылы екі немесе үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Маман мексикалық боксшының ықтимал қарсыластарының бірнешеуін де атады. Олардың қатарында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен жеңіліп көрмеген даниялық Якоб Бэнк (20-0, 11 KO) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы бар.

Орта салмақтағы WBO белбеуі үшін айқас 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында өтеді.

Айта кетейік, бұл титул британдық боксшы Хамза Шираз (24-0-1, 19 KO) чемпиондық белбеуден ресми түрде бас тартқаннан кейін бос қалған еді.


31 қазанда "Канело" Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде франциялық Кристиан Мбиллиді (29-1-1, 24 KO) жеңді. Осы жеңісінің арқасында мексикалық боксшы екінші орта салмақтағы WBC чемпиондық титулын иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!