Орта дивизионда WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) екінші белбеу үшін айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Инсайдер Майк Коппинджердің мәлімтеніше, Жәнібек IBF белбеуіне ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) айқасқа шығады. Жекпе-жек Top Rank промоутерлік компаниясы 14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласында ұйымдастыратын бокс кешіне жоспарланған. Бұл айқаста Әлімханұлы чемпиондығын үшінші рет қорғайды.
Гуальтьери кейінгі рет рингке 1 шілдеде шығып, төрешілер шешімімен бразилиялық Эскива Фалкаоны жеңді де, Головкин бос қалдырған IBF титулын иеленді. Винченцо бұған дейін Германиядан тыс жұдырықтасып көрмеген екен.