Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) келесі қарсыласы анықталды.
Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, Жәнібек британиялық Шакиель Томпсонмен (13-0, 9 КО) титулдарын қорғайтын жекпе-жек өткізу бойынша келісімге келуге аз қалды.
Жекпе-жек сәуір не мамыр айы Қазақстанда өтеді деп жоспарлануда. Бірақ оған дейін Томпсон 7 ақпан Шеффилдте (Англия) бір айқас өткізеді екен.