Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) оны орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айыру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы апелляция бермекҚазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәліметінше, боксшының командасы бұл шешімге қарсы апелляция беруді жоспарлап отыр.
Бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы ресми мәлімдеме жасап, Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық титулынан айыру себептерін түсіндірген болатын. Қазақстандық боксшы бұл белбеуді 2023 жылдың қазан айында жеңіп алған еді. Сол жекпе-жекте ол жеңіліс көрмеген германиялық боксшы Винченцо Гуальтьерин нокаутпен жеңген.
Сондай-ақ, IBF қазақстандық спортшыны 2026 жылдың желтоқсанына дейін шеттету туралы шешім қабылдаған.
WBO позициясыБұл жағдайға қатысты шешімді бұған дейін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBO) да шығарған. Ұйым Жәнібек Әлімханұлын бір жылға дисквалификациялағанымен, оны орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырған жоқ.
Әлімханұлы төңірегіндегі допинг дауыЕске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында Жәнібек Әлімханұлы тапсырған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған. Соның салдарынан оның WBA чемпионы, кубалық боксшы Эрисланди Ларамен жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған.
Кейінірек екінші сынама да дәл осындай нәтиже көрсетіп, осы жағдайға байланысты ресми тергеу басталған.