auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әлімханұлы Головкиннің дивизионында жұдырықтасады

Әлімханұлы Головкиннің дивизионында жұдырықтасады
Жәнібек Әлімханұлы. © vesti.kz
Бокстан 2013 жылдың әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысқаннан кейін менеджер Эгис Климаспен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы боксшының өзі Алматыда өткен ашық жаттығу кезінде айтты. Сондай-ақ, Әлімханұлы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 33 КО) салмағына ауысатынын мәлімдеді.



Ертең, 23 мамырда, боксшы АҚШ-қа аттанады. Осы сапар барысында ол промоутермен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта оның бірнеше нұсқасы бар. Әлімханұлы нақты шешімді келіссөздерден кейін шығарады.

16 сәуірде Әлімханұлының кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысатыны белгілі болды. 2016 жылы ол Алматыда өткен бокс кешінде колумбиялық Милтон Нуньеспен (35-18-1, 31 КО) жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Ал былтыр Астанада ол бразилиялық Жильберто Перейру дос Сантосты (14-7, 10 КО) төрешілер шешімі бойынша жеді. Соңғы жекпе-жегін ол жартылай ауыр салмақта өткізді.





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама