Бокс
20 шілде 2022 07:31

Әлімханұлы Головкинді ненің арқасында жеңетіні айтылды

©Instagram

Бокс туралы жазатын vRINGe.com порталы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мықты және әлсіз тұстарын анықтап, чемпионды жеңе алатын андердогтарды атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG мықтылығы бірінші нөмірде жұдырықтасуы, джебтер, комбинациялар, бокстағы IQ, қуаты, дәлдік пен агрессияда екен.

Әлсіз тұсы - жасы келгендігі мен қорғанысы.

Ал Головкинге қарсы тұра алатын андердогтар ретінде Жәнібек Әлімханұлы (аяқпен жұмысы, контрпанчерлік дағдылары мен тамаша тайминг арқасында) және Хайме Мунгияның (алып күшінің арқасында) есімі аталды.

Әлімханұлы мен Мунгияның Головкинді жеңу мүмкіндігі 50 де 50 екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport