Әлімханұлы экс чемпионның "ақымақтығын" бетіне басты

13 қыркүйек 2023 13:01
©

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) британиялық Крис Юбенктің (33-3, 24 КО) айтқанына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Юбенк Әлімханұлының орта салмақта IBF титулына ие Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 KO) жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, өзін олардан артық екенін айтқан:

Головкинді жекпе-жекке шақырған экс чемпион Әлімханұлымен айқасқысы келмейді 

"Одан қандай жауап күтіп едіңіздер? Ол жеңімпазбен айқасады деп айтады деп ойладыңыздар ма? Ол Головкинде чемпиондық белбеу жоғын да білмейді ғой", - деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желіде. 

2 қыркүйекте Лиам Смитпен қарымта жекпе-жектен кейін Юбенк Головкинді айқасқа шақырып: "GGG-мен айқасқым келеді. Қазір қайда екенін білмеймін, бірақ Геннадий қайда болсан да - бұл титулдар сенің қолында көп тұрып қалды. Мен олардың бірін алып, сені жеңгім келеді" деген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар