Орта салмақта IBF және WBO әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBA белбеуіне ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титул біріктіретін жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxingScene мәліметінше, тараптар жекпе-жекті желтоқсан айында өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Кеш Premier Boxing Champions ұйымының аясында өтеді. Оның басты оқиғасы – бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек: Ламонт Роуч пен Исаак "Питбуль" Крус арасындағы кездесу болмақ.
Кейінгі рет Жәнібек биыл 5 сәуірде Астанада рингке шықты. Бұл кездесу тарихи оқиға болды – қазақстандық боксшы алғаш рет өз отанында бірден екі әлем чемпионы атағын қорғады. Ол кезде ол бесінші раундта франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутпен жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.
Қазақстандық боксшы чемпиондармен айқасқа дайынӘлімханұлы өз дивизионында басқа чемпиондарымен кездесуді көздеп отыр. Ол бұған дейін де бірнеше рет басты мақсаты – әлемнің абсолют чемпионы атану екенін айтқан болатын.
Қазіргі уақытта WBC белбеуі доминикандық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 KO).