Бокс
3 қазан 13:34
 

Әлімханұлы дегеніне жетті. 19 нокауты бар чемпионмен айқас уақыты белгіленді

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы дегеніне жетті. 19 нокауты бар чемпионмен айқас уақыты белгіленді ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және WBO әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBA белбеуіне ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титул біріктіретін жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және WBO әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBA белбеуіне ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титул біріктіретін жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxingScene мәліметінше, тараптар жекпе-жекті желтоқсан айында өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Кеш Premier Boxing Champions ұйымының аясында өтеді. Оның басты оқиғасы – бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек: Ламонт Роуч пен Исаак "Питбуль" Крус арасындағы кездесу болмақ.

Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін қалай өткізді

Кейінгі рет Жәнібек биыл 5 сәуірде Астанада рингке шықты. Бұл кездесу тарихи оқиға болды – қазақстандық боксшы алғаш рет өз отанында бірден екі әлем чемпионы атағын қорғады. Ол кезде ол бесінші раундта франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутпен жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.

Қазақстандық боксшы чемпиондармен айқасқа дайын

Әлімханұлы өз дивизионында басқа чемпиондарымен кездесуді көздеп отыр. Ол бұған дейін де бірнеше рет басты мақсаты – әлемнің абсолют чемпионы атану екенін айтқан болатын.

Қазіргі уақытта WBC белбеуі доминикандық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 KO).
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!