Әлімханұлы чемпионның өтірігін әшкере қылып "тығырыққа тіреді"
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адаместің (24-1, 18 КО) өтіргін бетіне басты.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адаместің (24-1, 18 КО) өтіргін бетіне басты.
Бұған дейін Адамес Жәнібекке келісімшарт жібергенін, алайда оның командасынан еш жауап алмағанын жазған еді.
"Қазір ғана командаммен сөйлестім, менде әзірге белгіленген жекпе-жек жоқ. Көбі менен болашағым туралы сұрайды, алайда, айтқанымдай, біз Жәнібекке ұсыныс жібердік, бірақ ол жауап бермеді. Қазір ресми ештеңе жоқ, қандайда бір ақпарат пайда болсымен, мен сіздерге оны бірінші болып хабарлаймын", - деп жазыпты Адамес Х желісінде.
Қазақ боксшының жауабы өзін күттірген жоқ:
"Жыл әзілі екен! Мен әлде жанкүйерлерді жынды деп отырсың ба? Келісімшарт қайда? Мен дәл қазір-ақ қол қойып берейін. Жіберші маған. Онда бар болғаны бір доллар болса да, қол қоямын", - деп жазыпты Жәнібек.
Мұның артынан Әлімханұлы "Адамес маған келісімшарт жібер, қазір қол қойып беремін" деп тағы бір твит жасады.
Joke of the year! Do you think I'm a fool or the fans are fools? Where's the contract? I'll sign it now. Just send it to me. If there's 1 dollar in it, I'll sign it! https://t.co/L3aQXIhkAc
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) November 18, 2024
Жарнама