Әлімханұлы чемпионмен айқасқысы келмей отыр. Себебі белгілі

©Top Rank

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) тек жұлдыз боксшылармен айқасқысы келеді, сол үшін WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамеспен (22-1, 17 КО) жекпе-жектен бас тартуда.

Бокс туралы Ez RAW Boxing подкасты осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жани жүлдызбен айқасқысы келеді. Адамес жақсы боксшы, бірақ аты соншалықты шықпаған. Жани жеңіске жетеді, алайда одан танымалдылығы артпайды", - деп жазыпты подкаст твиттер желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport