Әлімханұлы чемпионды нокаутқа түсіруге уәде беріп мазаққа қалды

©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO ұйымы белгілеген Деметриус Андрадемен жекпе-жекке қатысты батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында WBO Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) қазақстандыққа қарсы чемпиондығын қорғауға міндеттеген. Тараптар 30 күн ішінде келісімге келу керек. Егер Андраде қандай да бір себеппен айқаспайтын болса, онда Жәнібек WBO ұйымының толыққанды чемпионы дәрежесіне көтеріледі. 

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста қанша табыс тапқаны айтылды

"Мен оны нокаутқа түсіремін", - деп жазыпты Жәнібек твиттер жеілісінде. Ал бұған желі қолданушыларының бірі басты қаһарманы: "Шынын айтсақ, бізге бәрібір" дейтін видеомен жауап беріпті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport