"Әлімханұлы болашағы зор талант". Сарапшы Жәнібектің карьерасын күйрететін ықпалды атады
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) кәсіпқойда болашағы зор. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит осындай пікір білдірді.

Дегенмен оның жетістігі мен дамуына кері әсер етер жағдайлар да бар екен. Сарапшы осыған да тоқтала кетті.
"Әуесқойда жақсы мектептен өткен талантты боксшының кәсіпқойда болашағы зор. Мәселе тек промоутерлер оған қаншалықты сенетіндігінде ғана, осыған байланысты олар қарсыластар деңгейі көтеріліп отыратын жекпе-жектер береді. Ұзақ ұстап тұрып алатын кездер болады. Міне осы мәселені білсе...
Жәнібектің карьерасын жүргізіп отырғандарда алдағы уақытқа нақты жоспары болса екен. "Қайтеміз, орташа қарсылас берейік. Сабасын, сабасын, сосын не боларын көре жатармыз" деп жүрмесе болғаны. Бокс үшін бұл өте жаман. Қарсыластарының деңгейі жоғарылай бергенін қалар едім", - деп түсіндірді сарапшы.
Айта кетейік, Жанібек Әлімханұлы WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді, сонымен қоса, WBC тізімінде бесінші, ал IBF-те тоғызыншы тұр.
Жарнама