Бокс
Бүгін 09:42

Әлімханұлы бокстан Қазақстан құрамасына қосылды. Мән-жай белгілі

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) бокстан Қазақстан құрамасының Шымкенттегі жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы құрамамен жаттығуды бастады

Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкенттен видео жариялап, алғашқы жаттығулары мен ұлттық құрама мүшелерімен өткізетін спаррингтері туралы айтып берді.

"Ассалаумағалейкум баршаңызға! Қалайсыздар? Бізде бәрі жақсы, Шымкентте күн өте ыстық. Қазір спаррингке бара жатырмыз. Біртіндеп бабымызға келу үшін төрт раундтан жұмыс істейтін боламыз", – деді боксшы.

Халықаралық жарыстарға дайындық

Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық бокс құрамасы Түркістан облысындағы "Алматау" базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиынға Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан ұлттық құрамалары да қатысуда.

Бұл кезең Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогының екінші кезеңі алдындағы соңғы дайындық сатысы болмақ.

Әлімханұлының титулына қатысты жағдай

Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалып отыр. Сонымен қатар ол өткен жылдың желтоқсан айында ағзасынан допинг анықталғаннан кейін шеттету мерзімін өтеп жатыр.

Соған қарамастан, WBO ұйымы оның чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ал қазақстандық боксшы чемпион атанған тағы бір ұйым – IBF Әлімханұлын өз титулынан айырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport