Әлімханұлы бокс ұйымының шешіміне қатысты мәлімдеме жасады

©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) командасы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) америкалық Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) белбеуін қорғауға міндеттегеніне қатысты пікір білдрді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"WBO шешімі шықты. Андрадемен келіссөзге 30 күн уақыт берді. Күтейік, олар не дейді екен! Біз дайынбыз! Ескі оқиға жаңа датамен қайта басталды)", - делінген боксшының командасы жариялаған хабарламада. 

Айта кетейік, боксшылардың командасына келісімге келу үшін 30 күн берілді, тараптар келісе алмаған жағдайда промоутерлік сауда белгіленеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар