Бокс
27 қыркүйек 2022 11:11

Әлімханұлы айқасуға келіскен боксшыны нокаутқа түсіруге уәде берді

©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) есімін атамаған қарсыласқа қарата үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Twitter желісіндегі жазба Хайме Мунгияның (40-0, 32 КО) бапкері Эрик Моралестің Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) немесе Жәнібекпен жекпе-жек өткізу туралы мәлімдемесінен кейін пайда болды. 

"Біреу менімен айқасуға келісіпті дейді ғой? Кім ол? Басқа ғаламшардан ба? Бірақ маған бәрібір! Мен оны нокаутқа түсіремін, Иншалла!" - деп жазыпты боксшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport