Әлімханұлы айқассыз-ақ әлем чемпионы атанады

©Top Rank

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жекпе-жексіз-ақ орта салмақта WBO чемпионы атануы мүсмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында WBO осы титулға ие америкалық Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) қазақстандыққа қарсы чемпиондығын қорғауға міндеттеген. Тараптар 30 күн ішінде келісімге келу керек. Егер Андраде қандай да бір себеппен айқаспайтын болса, онда Жәнібек WBO ұйымының толыққанды чемпионы дәрежесіне көтеріледі. 

Еске салайық, мамырда Әлімханұлы екінші раундта британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атанған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар