Әлімханұлы айқасқа дейін қарсыласын ескертіп қойды

©TOP RANK

Орта салмақта WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) қарсыласына мәлімдеме арқылы сес көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы келесі қарсыласы - британиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) айбат шегіп отыр. Боксшылар 12 қараша Лас-Вегастағы Palms Casino Resort шаршы алаңында айқасады. 

"Жекпе-жекке дейін бір ай қалды, бірақ, қарсыласымды нокаутқа түсіруге қазірден-ақ дайынмын. Дензел, бапкеріңе айт, орамалды уақытында лақтырып үлгерсін!" - деп жазыпты Әлімханұлы "твиттерде". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар