Әлімханұлы әйгілі чемпионды бірінші раундта нокаутқа түсіретінін мәлімдеді

19 қыркүйек 2023 13:59
©instagram.com/janibek_qazaqstyle

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) WBA титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке қатысты сұраққа батыл жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz

"Жекпе-жекте кім жеңеді және қалай?", - деп сұрапты твиттерде RealDealBee нигімен тіркелген қолданушы. 

Бұған жауап ретінде Жәнібек былай деп жазыпты: "Сұрақ дұрыс емес. Жәнібек бірінші раундтың қай секундында Лараны нокаутқа түсіреді деп сұрау керек!".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар