Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша біріктірілген әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы танымал бокс симуляторындағы жаңа кейіпкерге айналды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек Әлімханұлы енді "Undisputed" ойынындаҚазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді "Undisputed" деп аталатын танымал бокс ойынынындағы кейіпкердің біріне айналды. Орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері енген жаңа толықтыру "Clinch" деп аталады.
Бұл жаңартуда ойыншылар Әлімханұлының бейнесін басқарып, виртуалды рингте түрлі қарсыластарға қарсы шыға алады.
Ойынға қосылған басқа да жұлдыздар:Жәнібектен бөлек, жаңа толықтыруда тағы алты кәсіпқой боксшының бейнесі ұсынылған:
Теофимо Лопес
Эмануэль Огастус
Тим Цзю
Диего Корралес
Себастьян Фундора
Ойынды жасаушылардың айтуынша, әр боксшыға арналған арнайы техника жиынтығы мен бұрын болмаған жаңа комбинациялар қосылған. Бұл ойынның шынайылығы мен әр боксшының стилін нақты көрсету тұрғысынан маңызды жаңалық болды.