Бокс
4 қараша 09:45

Әлімханұлы америкалық нокаутшының орнына титулды айқасты таңдады

©x.com/qazaqstyle

Орта салмақта IBF рейтингінде үшінші орында тұрған америкалық боксшы Остин Уильямс (19-1, 13 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 КО) титул біріктіретін жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге басты үміткер атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хирн растады: келесі мақсат – титулдық жекпе-жек

Промоутер Эдди Хирннің айтуынша, IBF ұйымы ресми түрде Уильямске хабарлама жіберіп, Әлімханұлы мен Лара арасындағы кездесудің жеңімпазы міндетті түрде онымен жекпе-жек өткізетңнңн мәлімдеген.

"Біз Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу үшін промоутерлік саудаға өтініш бердік, — деп келтіреді Хирннің сөзін The Ring. - Кейін олар Ларамен жекпе-жек өткізуге рұқсат сұрады, бұл өтініштері қанағаттандырылды. IBF ресми хат жолдап, 7 желтоқсандағы кездесудің жеңімпазы Уильямспен кездесуге міндетті екенін растады", - деді промоутер.

Титул жолындағы алғашқы мүмкіндік

Бұған дейін Уильямс Әлімханұлымен кездесу құқығы үшін италиялық Этиносса Олихамен жұдырықтасуы тиіс еді, бірақ, қарсыласы көз жарақатына байланысты айқаса алмайтын болды. Кейін Уильямс оның орнын басқан америкалық Иван Васкесті тоғызыншы раундта жеңіп, алғашқы титулдық мүмкіндігіне бір қадам жақындады.

"Бұл Остин үшін үлкен мүмкіндік, - деп қосты Хирн. - Келесі кездесуде ол орта салмақтағы бңрнеше чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады".

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы титул біріктіретін айқас 6 желтоқсанда Сан-Антонио қаласында өтеді (Астана уақыты бойынша 7 желтоқсанның таңы). Кездесуде бірден үш белбеу - IBF, WBO және WBA титулдары сарапқа салынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport