Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) осы салмақта WBO белбеуінің мегері Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) үндеу жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Осыған дейін америкалық Әлімханұлымен кездесуден бас тартып, салмақ ауыстырып кетті.
"Маған бәрібір. Мен кез-келген салмақта кез-келген қарсыласты жеңе аламын", - деп келтіреді Әлімханұлының сөзін fight-library.com порталы.
Аталған порталға берген сұқбат барысында отандасымыз ұлыбританиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) да үндеу жасады.
"Барлық боксшылар менің қандай деңгейде екенімді жақсы біледі. Менен қашып кеткен боксшылардың барлығы жеңілетінін білді. Мен қазір нағыз бабымдамын. Мені ешкім жеңе алмайды", - деді боксшы.