Бокс
2 қыркүйек 13:53

Әлімханұлы әлем чемпионымен үш титул үшін айқасуға келісті

© Allboxing

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) осы дивизионда WBA белбеуіне ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титул біріктіретін жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы абсолют чемпион болғысы келеді

Қазақстандық боксшы өз дивизионындағы төрт негізгі белбеудің барлығын біріктіруді көздеп отырғанын тағы бір мәрте нықтап айтты.

"Алла қаласа, мен төрт белбеудің бәрін жинап, туымызды биікке көтеріп, атымды тарихқа жазамын! Барлығы өз уақытымен келеді - сабыр жеңіске жеткізеді!", - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Жәнібекке Ларамен жекпе-жек ұсынылды

Бұл жазбаға бір жанкүйер пікір қалдырып, Ларамен жекпе-жек туралы сұрады.

"Еш мәселе жоқ, егер ол келіссе", - деп жауап берді Әлімханұлы.

Жәнібек Әлімханұлы кейінгі рет рингке биыл сәуір айында Астанада шыққан болатын. Ол кезде бесінші раундта франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады.

Дивизиондағы соңғы, төртінші - WBC белбеуі Жәнібекпен жекпе-жектен бас тартқан доминиканалық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 KO).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport