IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) үндеу жолдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы жекпе-жек бойынша келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеп, Адаместі қорқақ деп атады.
"Адамес, біз барлық құжаттарға қол қойдық. Енді сені күтіп отырмыз! Неге қол қойғың келмейді? Бүкіл құжаттар сенің алдыңда жатыр! Қорқақ!", - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде (X платформасында).
Айта кетейік, қос боксшы да әлем чемпионы атақтарын біріктіру мақсатында айқас өткізуге ниетті екенін бірнеше мәрте айтқан болатын. Алайда нақты келісімге қол жеткізу әзірге мүмкін болмай тұр.
Сонымен қатар, Адамеске міндетті қарсылас ретінде тағы бір қазақстандық - Мейірім Нұрсұлтанов (21-0, 17 KO) тағайындалған. WBC бұл жекпе-жектің өтуін талап етуде, бұл өз кезегінде Жәнібекпен титул біріктіретін кездесудің өтуіне кедергі келтіріп отыр.
Two hands — two guns pic.twitter.com/WCxDMgjzIa
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) May 2, 2025
Жарнама