Бокс
16 қыркүйек 10:52
 

Әлімханұлы әлем чемпионы қалай өтірік айтатынын ашық көрсетті

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы әлем чемпионы қалай өтірік айтатынын ашық көрсетті ©instagram.com/janibek_qazaqstyle

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) доминиканалық Карлос Адаместің (24-1, 18 КО) сөзіне жауап берді. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) доминиканалық Карлос Адаместің (24-1, 18 КО) сөзіне жауап берді. 

Адамес ешбір боксшы онымен рингке шыққысы келмейді деп жазыпты. 

"Менің менеджерім әрбір боксшының арманы - ол мендегі WBC белбеуіне қолжеткізу дейді. Бірақ телефоныма ешкім айқасқа ұсыныс жасап қоңырау шалмады", - деп жазыпты Адамес Х желісінде. 

Бұған Жәнібек былай деп жауап жазды:

"Өйткені тым көп ақша сұрайсың, ал ондай ақшаға лайықты емессің! Саған қоңырау шалған, бірақ сен ұсынған ақшаларың аз деп шықтың. Керек болса, тегін айқасамын деп алып, енді "кеттік" едесем, қашып отырсың". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!