Әлімханұлы әлем чемпионы белбеуін қалай иеленетінін айтты

©Top Rank

Жартылай орта салмақта ел намысын қорғап жүрген Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) өтетін айқасының статусы мен Деметриус Андрдаде (31-0, 19 КО) жайлы тың ақпаратымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Уақытша чемпиондық? Сұраққа жауап бар. Сұрадық. Андраде 21 сәуірде жекпе-жек өткізеді. Он күн ішінде біздің салмаққа қайта түссе, бізбен жұдырықтасады. Міндетті болады. Егер 168-де қалса онда біздің белбеу автоматты түрде толық чемпиондыққа айналады деді. Сол үшін бұл жекпе-жегіміз уақытша чемпиондық деп айтылғанымен, негізі толық чемпиондық шоу боп есептеледі! Біз тарих жасаймыз, бұйыртса!",- деп жазды Әлімханұлы инстаграм парақшасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport