Бокс
27 тамыз 2022 10:54
 

Әлімханұлы әлем чемпионы атанғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы әлем чемпионы атанғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді ©lasvegassun.com

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жаңа статусынан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жаңа статусынан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ол орта салмақта WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы деп жарияланды.

"Мен әлем чемпионымын! WBO тұжырымы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионымын. Бұл тарих! Жаратқанға мың шүкір, бақыттымын!", - деп жазды Әлімханұлы инстаграм парақшасында.

Еске салайық, орта салмақта бұл белбеудің иесі Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) еді. Алайда америкалық былғары қолғап шебері екінші орта салмаққа ауысып, Жәнібекпен жекпе-жек өткізбегендіктен титул қазақ боксшысына берілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!