Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) келесі үш жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Үш титул үшін Жәнібек Әлімханұлы – Карлос Адамес кездесуіБиылғы жазда Жыланды ауылының тумасы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) титулдар біріктіретін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, дәл осы кезеңде Адамеспен кездесуді басқа қазақстандық боксшы – WBC титулына міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) да жоспарлап отыр.
Адамеспен жекпе-жекте үшінші белбеуді жеңіп алған соң, Жәнібек орта салмақтағы абсолют чемпион атағына қол жеткізу үшін WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3, 19 КО) 2025 жылдың күз немесе қыс мезгілінде айқасуды қалайды.
2026 жылы абсолют атағын алғаннан кейін, Жәнібек мексикалық супержұлдыз Сауль Канело Альвареспен (62-2-2, 39 КО) үлкен айқас өткізуді жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты алғаш болып Mo Boxing No Problem хабарлады, ал кейінірек бұл туралы Әлімханұлы өзі де әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Еске салайық, Жәнібек кейінгі рет 5 сәуір Астанада жұдырықтасты. Ол кезде Жәнібек франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-1, 9 КО) қарсы айқаста WBO және IBF белбеулерін қорғап, қарсыласын бесінші раундта ауыр нокаутқа түсірген болатын.