Бокс
23 ақпан 2022 09:32

Әлімханұлы 31 нокауты бар "Канело" ізбасарымен чемпиондық айқасқа шығады

©boxingscene.com

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасында титулдық жекпе-жек өтетінін жариялады. Боксшылар ұйымның орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы титулын сарапқа салады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әзілдің уақыты бітті. Жәнібек Әлімханұлы титулды айқас алдында соңғы ескерту жасады

Ұйым Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арумға және Мунгияның мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомеске бағытталған хат жариялады.

"WBO World Championship комитеті тараптарға осы құжатта Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жоғарыда аталған айқас бойынша келіссөздерді бастауды бұйырады. Келісімге келу үшін тараптарға 10 күн беріледі.

Егер осы құжатта көрсетілген мерзімде келісі болмаса, WBO ережелері бойынша промоутерлік сауда тағайындалады. Орташа салмақтағы WBO үшін ең төменгі ақысы - 200 000 АҚШ доллары (екі жүз мың доллар). Кез келген қатысушы ұсыныс жасай алады", - деп хабарлайды WBO. 

Бұған дейін Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеген болатын, алайда америкалық спортшы салмақ санатын өзгертуі ықтимал.

"Айқасқысы келмейді". "Канелоға" ең қауіпті боксшының есімі айтылды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport