Бокс
10 тамыз 2021 14:17
 

Алматыдағы кездесуін нокаутпен жеңген қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Алматыдағы кездесуін нокаутпен жеңген қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды Иван Дычко. Сурет: theheavyweightfactory.com

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) үш айдың ішінде екінші кездесуін өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісімен болған сұқбат барысында Қазақстан құрамасының экс-менеджері Зия Алиев айтып берді. 

blog.share

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) үш айдың ішінде екінші кездесуін өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісімен болған сұқбат барысында Қазақстан құрамасының экс-менеджері Зия Алиев айтып берді. 

30 жастағы Иван екі жыл шамасында шаршы алаңға шықпай, шілде айында Алматыда өткен бокс кешінде ресейлік Денис Бахтовты (39-18, 26 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Бұл Дычконың кәсіби мансабындағы мерзімінен бұрын жетіп келе жатқан оныншы жеңісі.   

"Біз қарсылас таудау жұмыстарын жүргізудеміз. Иван тамыздың аяғы - қыркүйектің басында жекпе-жекке шығуы керек", - деді боксшының өкілі.

Бұған дейін Дычко 2021 жылдың соңына дейін үш кездесу өткізеді деген ақпарат тараған еді. Бұл жекпе-жектердің бірі шамамен желтоқсанда Қазақстанда өтеді деп жоспарланған.

Қоса кетейік, Алиев тамыздағы кездесуге қарсылас таңдау барысымен бөлісті, ал желтоқсанда қазақстандық боксшы титулдық жекпе-жекке шығуы ықтимал.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!