Алматыда Қазақстанның "тұңғыш" кәсіпқой боксшысы көз жұмды

©Meta MMA - Metaratings

Алматыда бұрынғы кәсіпқой боксшы Есболат Нұрманов 53 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей әлеуметтік желіде жазды.

"Суыт хабар.... арамыздан әйгілі, атақты боксер Есболат Шарапұлы Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егеменді елдің тұңғыш профи-боксері, 17 жасында бокстан СССР құрама командасының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Арал өңірінің тумасы, екеуміз сонау 1987 жылы Ленин атындағы КазПТИның Гидрогеология, барлау техникасы факультетінде, бір топта бірге оқыдық ! 1990 жылдардың ортасынан Кеден қызметінде жұмыс жасады, Иманың саламат болсын, Алла Тағала алдынан жарылқасын, досым!", - деп жазыпты Ғабиден Жәкей facebook желісінде.

 

Есболат Нұрманов Алматы облысында, Талғарда жерленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport