"Аллаға шүкір". Әлімханұлы қазақ боксы жайлы

30 желтоқсан 2022 10:09
©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) өткен жылға қорытынды жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"2022 жыл Қазақ кәсіпқой боксының тарихында қалады. Бұл айтулы оқиғаға себеп болғанымызға қуаныштымыз. Тұңғыш рет WBO тұжырымының ӘЛЕМ чемпионы белбеуін елге алып келдік. Аллаға шүкір. Мақсат орындалды. Командама алғыс, сенім артқан жанкүйерлерге көп рақмет! Бұйыртса 2023 жыл да тарихи жыл болғай!" - деп жазыпты боксшы әлеуметтік желіде. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар