Бокс
20 қыркүйек 2018 11:28
 
"Алқымнан алған соң, қалауынша шыр айналдырады". Сарапшы "Канело" командасының Головкинге зұлымдығы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Алқымнан алған соң, қалауынша шыр айналдырады". Сарапшы "Канело" командасының Головкинге зұлымдығы жайлы © RingSide24

Екі салмақ дәрежесінде чемпион болған, қазір Showtime және CBS арналарында комментатор Пол Малиньяджи Головкин - Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты. 

Еске салайық, 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен қарымтада мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. ал қазақстандық үшін бұл алғашқы жеңіліс болып отыр. 

Қарымтадан кейін боксшылар үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін мәлімдеді. Ал мексикалықтың промоутері Оскар Де Ла Хойя үшінші жекпе-жекке қатысты Головкинге талап қойып үлгерді. 

"Ол сөзінде тұрды". Головкиннің жеңілісінен кейін Санчес "Канелоға" көзқарасын өзгертті

Малиньяджидің ойынша, Golden Boy Promotions үшінші жекпе-жекті бір жылдан кейін ғана ұйымдастырмақшы. 

"GBP "Канело" мен Лемье жекпе-жегін ұйымдастырады, ал Головкинді бір жыл күттіріп қояды. Олар (Альварестің командасы) Головкиннің алқымынан алды, енді қалауныша шыр айналдырады.

Жоспарлары жекпе-жекті бір жылдан кейін ұйымдастыру. Ол кезде Головкиннің жасы 37-де болады. Сол кезде "Канело" оны шынымен жеңе алады да, адамдар GGG-дің ақысы желінген алдыңғы екі жекпе-жекті ұмытады. Міне гәп қайда", - деп келтіреді Малиньяджидің сөзін Fighthype.

Мұның алдында Малиньяджи төрешілер бағасымен келіспей, оларды "нағыз иттер" деп атаған. Оның ойынша, Головкин екі раунд басымдығымен жеңген.

Жарнама

Живи спортом!