Супер ауыр салмақта әлем чемпионы атағына екі рет таласқан канадалық Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Vesti.kz Дүниежүзілік бокс кеңесіне (WBC) сілтеме жасап.
Чувало 12 қыркүйекте, туған күнінде өмірден озды. Оның өлімінің себебі нақтыланбады.
Боксшы кәсіпқой рингтегі карьерасын 1956 жылы бастап, супер ауыр салмақта бес рет Канада чемпионы атанды. Оның еншісінде 73 жеңіс (64 нокаут), 18 жеңіліс және екі тең нәтиже бар. Канадалық 93 жекпе-жектің ешқайсысында нокдаунға түспеген.
Чувало әлем чемпионы атағын екі рет сарапқа салды. 1965 жылы ол америкалық Эрни Терреллден жеңілсе, 1966 жылы атақты Мухаммед Алиден. Канадалық боксшы екі жекпе-жекте де төрешілер шешімімен жеңілді. Кейін Чувало Әлимен 1972 жылы тағы бір рет кездесті.
Джордж ұлы боксшы Мухаммед Алимен рингте екі рет жұдырықтасты. Екі кездесуде де америкалық боксшы ұпай санымен жеңіске жетті. Кейін Али канадалықты "жекпе-жек өткізгендер арасындағы ең мықты жігіт" деп атаған.
Чувало америкалық Джордж Форман және Джо Фрейзермен де жекпе-жек өткізді.
Жарнама