Али әлде Тайсонның ізімен? Америкалық әйгілі чемпион исламға бет бұрды

26 желтоқсан 10:02
©central-asia.news

Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джервонта Дэвис (29-0, 27 КО) ислам дінін қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұны үш салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Баду Джекк әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында хабарлады.

Дэвис те үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 2013 жылы өткізген. 2017 жылдың басында ол екінші жеңіл салмақта (59 келіге дейін) IBF белбеуін иеленіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды.

2019 жылдың соңында америкалық жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша (61,2 келіге дейін) кубалық Юриоркис Гамбоаны жеңіп, чемпион атанды. 2021 жылдың маусымында Дэвис бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін) WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Осы жылдың сәуір айында өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде Дэвис әйгілі отандасы Райан Гарсияны нокаутқа түсірген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport