Әли Ахмедов WBC және IBF титулдарының иегері атанды

©

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) 18 қыркүйекте жеңіп алған WBC Silver және IBF North American чемпионы титулдарының жеке иегері атанды. 

Жоғарыда аталған белбеулер үшін жекпе-жекте Ахмедов тәжірибелі америкалық Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Жекпе-жек Лас-Вегаста Геннадий Головкин - Сауль "Канело" Альварес трилогиясының кардында өтті.

Айқастан кейін үш аптадан соң қазақстандыққа жүлделері табыс етілді. Әли титулдарының суретін Instagram Stories-те жариялады.

Әли Ахмедов – Головкин негізін қалаған GGG Promotions промоутерлік компаниясының боксшысы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар