Алғашқы алтын! Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанды

©AIBA

Жеңіл салмақта (48 келі) жұдырықтасатын қазақ боксшы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында тай боксшы Вуттичай Юрачайдан басым болды.

Жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын жеңіске жетті. Бес төреші де отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Юрачай болса әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

Бірінші раунда отандасымыз қолының ұзындығын пайдаланып бірнеше дәл соқты. Үш төреші басымдықты Теміртасқа берді.

Екінші раундта да Теміртас ширақ қимылдап, ұпайын еселеді. Нәтижесінде барлық – бес төреші де жеңісті қазақстандық босшыға берді.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы үш спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов және Серік Теміржанов қолғап түйістіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: