"Алға жүріп жұдырықтасады". Жеңілмеген қазақ боксшы өзбек қарсыласпен алдағы айқас жайлы

©Instagram

Келесі аптада Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Tukeshev Boxing промоутерлік компаниясының мұрындық болуымен алты жұп бақ сынайтын болады. Кештің басты айқасында жерлесіміз Рай Сейітжанов (5-0, 2 КО) пен өзбекстандық Умирбек Бекназаровпен кездеседі. Жекпе-жек алдында Рай Сейітжанов алдағы айқас жайлы пікірімен бөлісті.

"Бұйырса алдағы жекпе-жекте өзбекстандық қарсыласпен шығамын. Осыған дейін ол қазақтың былғары қолғап шеберлерімен күш сынасқан. Атап айтқанда, Нұрбол Сұлтанбай мен Дарын Имахановтармен жұдырықтасқан. Қарсыласымды толық зерттеп шықтым. Оның бойы аласа. Алға жүріп жұдырықтасады. Амандық болса бокс кешінің басты айқасында ринг төрінде жеңіске жету үшін барымды саламын. Жалпы дайындығым өте жақсы", - дейді Сейітжанов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Сейітжановтан бөлек бокс кешінде басқа да отандық боксшылар сынға түседі. Олардың арасында Айдос Медет, Нұрбол Сұлтанбай, Нұрдос Төлебай, Рахат Сейітжан және Талғат Шәйкен бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар