Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов ел чемпионатын сәтті бастады. 60 келіде өнер көрсететін Серік Қарағандыда алғашқы айқасын өткізді.
Теміржановтың қарсыласы Мұхаммедәли Сыдық болды. Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері болған Серік қарсыласына еш мүмкіндік бермей жеңді.
Енді 20 желтоқсанда Теміржановтың келесі қарсыласы Мейіржан Айдар болады.