Бокс
4 наурыз 2022 16:22

Әлемнің экс-чемпионы Головкин мен Мурата айқасының жеңімпазын атады

©Тұрар Қазанғапов

Әлемнің экс-чемпионы Тони Беллью орта салмақта IBF белбеуі үшін сынға түсетін Геннадий Головкин  (41-1-1, 36 КО) мен Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жектен не күтетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Биылғы жылдың қыркүйек айында Головкин мен "Канело" кездесуі мүмкін. Алайда оған дейін қос боксшы біраз қиындықтардан өтуі тиіс. Мәселен Головкин 9 сәуір күні Муратамен кездеседі. Егер Гена жас кезіндегідей жылдам болғанда алдағы айқастың айқын жеңімпазы дер едім. Ал қазір оның жасы келіп қалды. Оның үстіне біраз ауыр жекпе-жектер өткізді. Дегенімен жапониялықты жеңеді деп ойлаймын", - дейді Беллью.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport