Әлемнің экс-абсолют чемпионы Головкиннің қарсыласын жекпе-жекке шақырды

Сурет: XSPORT.ua
Жартылай орта салмақта WBO титулына ие америкалық Теренс Кроуфорд осы дивизионда IBF ұйымының бұрынғы чемпионы британиялық Келл Брукты жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды "Чемпионат" порталы The Athletic инсайдері Майк Коппинджерге сілтеме жасап. 

Кездесу қарашада өтуі мүмкін. Дегенмен Брук әзірге келіспей отырған көрінеді, оған Кроуфорд ұсынған ақша аздау сияқты (1,5 миллион доллар). Келл бұл жекпе-жек үшін төрт миллион алғысы келеді. 

Дегенмен мұнан басқа да қиындықтар бар - британиялық жартылай орта салмақта 2017 жылдан жұдырықтаспады, кейінгі жылдары ол бірінші орта дивизион лимитінде ғана рингке шығып жүр. 
 
Кроуфорд әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы. Ал Брукк 2016 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығып, бесінші раундта нокаутпен жеңілген.