Кездесу қарашада өтуі мүмкін. Дегенмен Брук әзірге келіспей отырған көрінеді, оған Кроуфорд ұсынған ақша аздау сияқты (1,5 миллион доллар). Келл бұл жекпе-жек үшін төрт миллион алғысы келеді.
Дегенмен мұнан басқа да қиындықтар бар - британиялық жартылай орта салмақта 2017 жылдан жұдырықтаспады, кейінгі жылдары ол бірінші орта дивизион лимитінде ғана рингке шығып жүр.
Кроуфорд әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы. Ал Брукк 2016 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығып, бесінші раундта нокаутпен жеңілген.